Ата-аналармен ынтымақтастық
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі ынтымақтастықты нығайту және отбасымен оң қарым – қатынас алаңын кеңейту, ата - аналарды мектептің тәрбие процесіне тарту, "ата-аналар-мұғалім балалар"бірыңғай тәрбие кеңістігін құру болып табылады. Ол үшін 2021-2022 оқу жылында мектепте "Үндестік"жобасы жүзеге асырылуда.
Оқу жылы бойы мектептің ата-аналар комитеттерінің жалпы мектептік ұйымдастыру жиналыстары, тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстары, әр тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығы алдында қоғамдық тыңдаулар, бірінші сынып оқушыларының, бесінші сынып оқушыларының, түлектердің ата-аналарына, аналары мен әкелеріне арналған ата-аналар конференциялары өткізіледі. Ата-аналар жиналыстарға қуана қатысады, сұрақтар қояды, жаңа ақпарат, ұсыныстар алады.